Толық нұсқауға көшу
Ресми Интернет-ресурс
-A A +A

ЖШС жарғылық капиталының үлесін иеліктен шығару туралы шарт нотариат куәландыруға тиіс пе?

Жауап: 

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198 Заңының 14-бабына сәйкес егер шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (біреуге беру) шартының тарапы жеке тұлға болып табылатын жағдайда, жеке тұлға қолының түпнұсқалығын нотариат куәландыруға тиіс. Заңның бұл нормасы иеліктен шығару шартында серіктестік қатысушысының қолын міндетті түрде нотариат куәландыруын көздейді.