-A A +A

Жәрдемақыларды тағайындау қандай мерзімдерде жүргізіледі?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126 Заңының 5-б.сәйкес 1.Жасына байланысты жәрдемақы сондай жәрдемақы тағайындауға өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады. 2. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы мүгедектiгi белгiленген күннен бастап, бiрақ оны тағайындауға өтiнiш берген күнге дейiн әрi кеткенде 3 айдан аспайтын мерзiм үшiн тағайындалады. 3. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақылар жәрдемақыға құқығы пайда болған күннен бастап тағайындалады, бiрақ барлық қажеттi құжаттармен жәрдемақыға тағайындауға өтiнiш берiлген күнге дейiн әрi кеткенде 12 айдан аспайтын мерзiм үшiн.
Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның өтiнiштi барлық қажеттi құжаттармен бiрге қабылдаған күнi жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiш берiлген күн болып есептеледi.