-A A +A

ЖОО-ға түскен кезде медициналық тексеріп-қараудан өту міндетті ме?

Жауап: 

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексінің 155-б. 3-т. сәйкес міндетті медициналық тексеріп-қарау алдын ала және мерзімдік болып бөлінеді.
Алдын ала міндетті медициналық тексеріп-қарау кәсібі немесе оқуы бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезінде жүргізіледі.