-A A +A

Жолаушылардың міндеттері қандай?

Жауап: 

«Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысының 4-бөлімінің 1 - тармағына сәйкес жолаушылар:
1) ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз көлік құралын тастап кетпеуге;
2) қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралымен жол жүрген кезде оларды тағуға (Қағидалардың 2-бөлімі 1-тармағының 2) тармақшасын ескеріп), ал мотоциклмен жол жүрген кезде — түймеленген мотошлемде болуға;
3) тротуар немесе жол жиегі жағынан және көлік құралы толық тоқтағаннан кейін ғана отыруды және түсуді жүзеге асыруға міндетті.
Егер тротуар немесе жол жиегі жағынан отыру және түсу мүмкін болмаса, бұл қауіпсіз болатын және жол жүрісіне басқа да қатысушылар үшін кедергі келтірмейтін жағдайларда жолдың жүру бөлігі жағынан жүзеге асырылады.