-A A +A

Жоғалуына байланысты ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға авторлық құқық туралы куәліктің көшірмесін қалай алуға болады?

Жауап: 

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 17-тармағына сәйкес Автордың (авторлардың) немесе құқық иеленушінің өтініші бойынша уәкілетті орган мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда он жұмыс күні ішінде оның телнұсқасын береді. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу, авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтардың тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алым алынады (9-1-бабының 17-тармақ). «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 456-бабына сәйкес екі айлық еспетік көрсеткіш авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тiркеу куәландыру құжат дубликатың берілгені үшін алым бекітілген және 3704 тенге 1 қаңтар 2014 жылға құрайды.