-A A +A

Жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісі құқық белгілейтін құжат болып табылады ма?

Жауап: 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-бабының 6)т. сәйкесжылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу) - осы Заң мен өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі. Бұл ретте Заңның 1-б. 16)т. сәйкес құқық белгілейтін құжаттар - солардың негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туындайтын, өзгеретін және (немесе) тоқтатылатын құжаттар. 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 12-бабына (24)тармақша) сәйкес жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат - осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесіне иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты - жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат(25)тармақша). Сәйкестендіру құжаттарына жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актici, тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi, уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi жатады. Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендiру құжаты сатып алушыға немесе өзге де құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерiстер болмаған жағдайда, мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi жүзеге асыратын орган жаңа сәйкестендiру құжатын бермейдi, жер-кадастр кітабына және жердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтер енгізіледі (Жер кодексінің 43-б.9-т.).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 511 қаулысымен бекітілген сәйкестендіру құжаттарының нысандарына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1250 және 2010 жылғы 15 ақпандағы № 96 қаулыларымен енгізілген түзетулерімен бірге) сәйкессәйкестендіру құжатында құқық иеленуші және жер учаскесіне құқық беретін құжат көрсетілмейді. Осыдан шығатын қорытынды, сәйкестендіру құжатының негізінде жер учаскесіне құқықтар (құқықтық ауыртпалықтар) туындамайды, өзгермейді және тоқтатылмайды. Ендеше, сәйкестендіру құжаты құқық белгілейтін құжат болып табылмайды. «Сәйкестендіру құжаты» ұғымы заңнамаға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі заңмен енгізілген болатын. Осы құжат енгізілгенге дейін жоғарыда аталған жер учаскесіне актілер құқық куәландыратын құжаттар болып табылған және олар «атаулы» болды. Осыған орай, тіркеуші органдарда жер учаскесіне құқықтарды тіркеудің әртүрлі тәжірибесі болды. Кейбір аумақтық әділет органдары жер учаскесіне құқықтарды тіркеген кезде 2 құжатты құқық белгілеуші ретінде таныған: жергілікті атқарушы органның құқықтық актісі және жер учаскесіне мемлекеттік акт. Басқа аумақтық органдар өтініш берушілерден құқық белгілеуші құжат ретінде жер учаскесіне меншік құқығы актісін (және актінің басқа түрлерін) ғана талап еткен. Сол арада, екі жағдайда да учаске тіркелмеген болып саналады, өйткені тіркеу құқығы туралы жазбаны жою тек сот шешімінің негізінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, Заңның 34-бабымен белгіленгендей, тіркеуші орган жүргізілген тіркеуді тіркеуге ұсынылған құқық белгілейтін құжатта жазба жасау арқылы куәландыруға міндетті.