-A A +A

Жер учаскесіне меншік құқығын тіркеу қалай жүзеге асырылады?

Жауап: 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңының (бұдан әрі - Заң) 21-бабына сәйкес1) белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;2) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, құқық белгілейтін және тіркеу объектісін растайтын өзге де құжаттарды;3) өтініш берушінің (жеке тұлғаның) және өтініш берушінің уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін;4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алым төлегенін растайтын құжатты (Салық кодексінің 456-б. сәйкес 0,5 АЕК );
5) осы Заңда көзделген өзге де құжаттарды ұсынуға тиіс.