-A A +A

Жер учаскесі бар тұрғын үйге кепіл шартын қалай тіркеуге болады?

Жауап: 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 заңының (бұдан әрі - Заң) 21-бабына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу құқық иесінің, мәміле тараптарының (қатысушыларының), мемлекеттік органның (оның уәкілетті өкілінің) немесе өзге де уәкілетті адамдардың тіркеуші органға берген өтінішінің негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі және мынадай құжаттарды: 1) белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті; 2) жер учаскесі бар тұрғын үйге кепіл шартын 3 данада; 3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алым 0,5 АЕК (СК 456-бабы) төлегенін растайтын құжатты; 5) осы Заңда көзделген өзге де құжаттарды ұсынуға тиіс. Тіркеу мерзімі 5 жұмыс күні. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын ұсынады. Заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа құрылтай құжаттарын ұсынады. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен айыруға құрылтайшылар (қатысушылардың, директорлар кеңесінің, акционерлер кеңесінің) жиналыстарының хаттамаларын (олардан үзінділер) ұсынады.
Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады.