-A A +A

Жеке куәлікті қалай ауыстыруға болады?

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысының «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» сәйкес қолданылу мерзімінің өтуіне, одан әрі пайдалануға жарамсыз болуына, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ауыстыру үшін өтініш иесі мынадай құжаттарды:
1) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды);
2) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;
3) ауыстыруға жататын жеке басты куәландыратын құжатты ұсынады.
Жаңа Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін жеке басты куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімі өткенге дейін бір ай бұрын ресімдеуге жол беріледі.
Уәкілетті органға тапсыруға жататын паспортта шет мемлекеттің қолданыстағы визасы болған кезде азаматтың өтініші бойынша паспорт алынбайды. Бұл ретте жарамсыз паспорт өтеуге (паспорттың бір жақ шетін тескішпен тесу арқылы) жатады және иесіне қажеттілігі өткенге дейін қайтарылады.