-A A +A

Жеке кәсіпкерліктің жарғысы тіркелуге жатады ма?

Жауап: 

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198 Заңының 6-бабына сәйкес акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғыларын (ережелерiн) қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғылары (ережелерi) мемлекеттік тiркеу кезінде ұсынылмайды. Осыған орай, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың жарғылары тіркелуге жатпайды.