-A A +A

Жеке кепілдік беруші қылмыстық процесс уақытында кепілдіктен бас тартуға құқылы ма?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 Қылмыстық-процестік іс жүргізу кодексінің 142-б. 4-т. сәйкес кепiлгер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде кепiлгерліктен бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда, бас тартылған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде күдіктіге, айыпталушыға қатысты осы Кодекстің 136-бабы бірінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып, өзге бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс.