-A A +A

Жеке адамдардың дене шынықтыру және спорт саласындағы құқықтары қандай?

Жауап: 

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V заңының 5-б. сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысуға;
2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бағыттағы қоғамдық бiрлестiктерге кiруге;
3) мемлекеттiк және жекеше спорт ғимараттарын және көрсетілетін қызметтердi пайдалануға құқығы бар.