-A A +A

Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруларға қандай қарулар жатады?

Жауап: 

«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 Заңының 4-б. сәйкес жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруға жауынгерлік және жедел-қызмет міндеттерін шешуге арналған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары мен олардың бөлімшелерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары) қарулануына қабылданған, сондай-ақ басқа мемлекеттерге беру үшін жасап шығарылатын қару жатады.
Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарының, сондай-ақ суық қарудың айналымы тәртібін заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.