-A A +A

Жауапкершілігі шектеулі серіктестің қай құжатында оның мәртебесі – шағын/орта/ ірі кәсiпкерлiк субъектiсі екендігі туралы белгі болуға тиіс?

Жауап: 

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 220 Заңының (бұдан әрі -Заң) 17-бабына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат болып табылады. Шаруашылық серіктестіктері туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 Заңының 4-бабына сәйкес ЖШС жарғысында серіктестік түрі, оның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту тәртібі анықталады. Заңның 14-бабы құрылтай шартына серіктестікті құру тәртібін енгізуді көздейді. Жоғарыда жазылған кәсіпкерлік субъектісінің қызметін анықтау тәртібі оның санатын да көрсетуді қамтиды.