-A A +A

Жарғылық капиталды өзгертпестен жалпы жиналыс хаттамасының негізінде ЖШС құрылтайшыларынан қосымша уақытша жарналарды ресімдеуге болады ма?

Жауап: 

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 220 Заңының 39-б.1-тармағында егер жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысында өзгеше көзделмесе, қатысушылардың жалпы жиналысы қатысушылардың серіктестік мүлкіне қосымша жарналар енгізуі туралы шешім қабылдай алатындығы көзделген. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүлкіне қатысушылар енгізген қосымша жарналар оның жарғылық капиталының және серіктестікке қатысушылар үлестерінің мөлшерін өзгертпейді (Заңның 39-б.3-тармағы).