-A A +A

Жалпыға бірдей белгілі тауар таңбасы деген не?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген немесе халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар таңбасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында құқықтық қорғалмайтын тауар таңбасы ретінде пайдаланылатын, бірақ белсендi пайдалану нәтижесiнде Қазақстан Республикасында кеңiнен мәлiм болған белгi Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбасы деп танылуы мүмкiн.