-A A +A

Заңды тұлғаның тіркеуден өткендігі туралы қандай құжат растайды?

Жауап: 

«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi № 2198 Заңының 12-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша тiркеушi орган беретiн анықтама заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенiн (қайта тiркелгенiн), филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелгенiн (қайта тiркелгенiн) растайтын құжат болып табылады. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамада оның берiлген жылы, айы, күнi, тiркеушi орган, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) жылы, айы, күнi, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiметтер қамтылады.Филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамада оның берiлген жылы, айы, күнi, тiркеушi орган, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, есептiк тiркеу (қайта тiркеу) жылы, айы, күнi, филиалдың (өкiлдiктiң) атауы мен орналасқан жерi, филиалды (өкiлдiктi) құрған заңды тұлғаның атауы туралы мәлiметтер қамтылады. Заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенiн (қайта тiркелгенiн) растайтын құжаттың болуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия алуды талап ететiн қызметтi бастау үшiн негiз болып табылмайды. Заңды тұлғаның лицензияланатын қызмет саласындағы құқықтық қабiлетi тиiстi лицензияны алған кезден бастап пайда болады және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен лицензияның қолданысы тоқтатылған немесе ол жарамсыз деп танылған кезден бастап тоқтатылады.