-A A +A

Заңды тұлғаны уақытылы қайта тіркемеген жағдайда айыппұл мөлшері қандай?

Жауап: 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 357-4-б. 1-т. сәйкес заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, филиалды, өкiлдiктi қайта тiркемей, қызметтi жүзеге асыру, - шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.