-A A +A

Заңды тұлғаны тарату тәртібі қандай?

Жауап: 

Заңды тұлғаны тарату тәртібі ҚР 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 50-бабымен реттеледі. Заңды тұлғаның қызметін таратуды тіркеу үшін құжаттар тізбесі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198 Заңының 16-бабымен көзделген. Жою негіздері Кодекстің 49-бабымен реттелген. Оған сәйкес заңды тұлға еркін түрде, заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, сондай-ақ құрылтай құжаттарында осыған уәкiлеттiк берiлген органының шешiмi бойынша, не соттың шешімі бойынша мәжбүрлі түрде таратылуы мүмкін. Егер заңды тұлғада атқарушылық істер бойынша берешекті қоса алғанда ауыртпалықтар болған кезде, оның қызметін тоқтатуды деректер базасында тіркеу процесі көрсетілген мән-жайларды жойғанға дейін ақпараттық-техникалық сүйемелдеуге жатпайды және ол заңды тұлғаның немесе тіркеуші органның субъективті ниетіне байланысты емес.