-A A +A

Заңды тұлғаны қайта атаған жағдайда жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу тәртібі қандай, қажетті құжаттар, мерзімдері және қай органға өтініш беру қажет?

Жауап: 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 1-тармағына сәйкесжылжымайтын мүлік объектісінің құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі құқықтық кадастрда тіркелуге жатады. Заңның 1-б.12)тармақшасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларына - жылжымайтын мүліктің мекенжайын, мекенжайдың тіркеу кодын (ол бар болған кезде), түрін, кадастрлық нөмірін, меншік нысанын, құрамдастарының санын, жерлерінің, санаттарын, бөлінуін, нысаналы мақсатын, қабатын, ауданын (жалпы, тұрғын, пайдалы) қоса алғанда, жылжымайтын мүлік объектісі туралы құқықтық кадастрды жүргізу мақсатына қажетті мәліметтер жатады. Осылайша, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларына өзгерістер тіркелуге жатады. Сонымен қатар, Заңның 21-бабына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу құқық иесінің, мәміле тараптарының (қатысушыларының), мемлекеттік органның (оның уәкілетті өкілінің) немесе өзге де уәкілетті адамдардың тіркеуші органға берген өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.Мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі және 1) белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;2) жылжымайтын мүлікке техникалық паспортты және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, құқық белгілейтін және тіркеу объектісін растайтын өзге де құжаттарды; 3) өтініш берушінің (жеке тұлғаның) және өтініш берушінің уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін;4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алым төлегенін растайтын құжатты;5) осы Заңда көзделген өзге де құжаттарды ұсынуға тиіс.