-A A +A

Заңды күшіне енген сот актісіне шағым жасау атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болып табылады ма?

Жауап: 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру үшін соттың өзінің іс жүргізуіне борышкердің атқарушылық құжатты сот тәртібімен даулау туралы арызын қабылдауы негізі болып табылады.

Осылайша, борышкер соттың атқарушылық құжатты сот тәртібімен даулау туралы арызды қабылдауы фактісін растаған жағдайда сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.