Толық нұсқауға көшу
Ресми интернет-ресурс
-A A +A

Заң бойынша нотариус Мұраға құқық туралы куәлікке қосымшаны қандай заңнамалық актімен жазып береді?

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығымен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінің 143-т. сәйкес мұралық мүліктің белгілі бір бөлігіне қатысты мұраға құқық туралы куәлік алған мұрагерлерге кейінірек бұрын берілген мұраға құқығы туралы куәлікте көрсетілмеген мүлікке мұрагерлік құқық туралы қосымша куәлік беріледі. Қосымша куәлік берілген кезде бұрын берілген куәлікке қосылған құжаттар қайтадан талап етілмейді.