-A A +A

Ветеринариялық инспекторлардың қандай құқықтары бар?

Жауап: 

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 заңының 17-б. сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кедергiсiз (қызмет куәлiгiн көрсетiп) кiруiне;
2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзуге;
3) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргiзуге;
4) ветеринариялық құжаттар беруге;
5) осы заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды)немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысуға, сондай-ақ аталған фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жеке және заңды тұлғалар жоғары тұрған мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына және (немесе) сотқа шағым жасай алады.