-A A +A

Үй-жайдың бөліктеріне жалдау шартын тіркеу қажет пе?

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 582-бабына сәйкес үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты тараптар қол қойған бiрыңғай құжат ретiнде жазбаша нысанда жасалады. Үйдi немесе ғимаратты жалдау мерзімі тараптардың келісімімен анықталады. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңының 5-бабының 1-тармағына сәйкес кемінде бір жыл мерзімге пайдалану құқығы, соның ішінде жалға беру,құқықтық кадастрда (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі) мемлекеттік тіркеуге жатады. Осыған орай, егер жалдау шарты бойынша мерзім бір жыл және одан артық болса, онда жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығы шарттың негізінде тіркелуге тиіс.