-A A +A

Ұсталған тауарларды және оларға арналған құжаттарды сақтау мерзімдері қандай?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексінің 238-б. сәйкес осы баптың 2-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда, ұсталған тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органдары бір ай бойы, ал тез бұзылатын азық-түліктерді жиырма төрт сағат сақтайды.
Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге немесе мұндай аумақтан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынған тауарлар және оларға арналған құжаттар кеден органдарында үш тәулік бойы сақталады.
Ұсталған тауарларды сақтау мерзімі – оларды ұстаған күннен бастап, ал тез бұзылатын азық-түліктерге оларды ұстаған кезден бастап есептеледі.