-A A +A

Тұрғын үйдi жалға алу (қосымша жалға алу) шарты жарамсыз деп танылған кезде мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй берiледі ме?

Жауап: 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңының 108-б. 1-т. сәйкес шарт жасасып, тұрғын үй алған адамдардың қасақана заңсыз әрекеттерiнiң салдарынан тұрғын үйдi жалға алу (қосымша жалға алу) шарты жарамсыз деп танылған жағдайда олар басқа тұрғын үй берiлместен шығарылуға тиiс.