-A A +A

Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтердің мемлекеттен ақшалай қарыздар және өзге де материалдық көмек алуына болады ма?

Жауап: 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңының 55-б. 1-т. сәйкес тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерi заңдармен белгiленген тәртiппен мемлекеттен, меншiктiң мемлекеттiк емес нысанына негiзделген заңды тұлғалардан, азаматтардан ақшалай қарыздар және өзге де материалдық көмек алуына болады.