-A A +A

Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативiне мүшелiк қай жағдайларда тоқтатылады?

Жауап: 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңының 59-бабына сәйкес Кооперативтен ерiктi түрде шыққан; табиғи зiлзала, өрт, авариялық күйге ұшырау немесе басқа да төтенше жағдайлар салдарынан үй-жай (пәтер) одан әрi пайдалануға жарамсыз болған; кооператив мүшесi қайтыс болған; кооперативтен шығарылған жағдайларда тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативiне мүшелiк тоқтатылады.