-A A +A

Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің Жарғысында не көзделуге тиіс?

Жауап: 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңының 56-бабының 2-т. сәйкес кооператив Жарғысында:
1) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 41 және 108-баптарында белгiленген мәлiметтер;
2) кiру жарналары мен өзге де жарналардың мөлшерi;
3) тұрғын үй-жайларды жалға берудiң немесе оны тұрғын үй емес мақсатта пайдаланудың тәртiбi;
4) тұрғын үй-жайларға уақытша тұрғындарды тұрғызу шарттары;
5) жиналған пайды бөлген ретте тұрғын үй-жайларды пайдалану тәртiбi;
6) кооператив мүшесiнiң құқықтары мен мiндеттерiн басқа адамдарға берудiң тәртiбi мен шарттары;
7) үйдегi тұрғын үй-жайларды пайдаланудың өзге де шарттары көзделуге тиiс.