-A A +A

Тұрғын үй-құрылыс кооперативiнiң мүшесi қай жағдайларда шығарылуы мүмкін?

Жауап: 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңының 61-бабына сәйкес Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативiнiң мүшесi:
1) үй-жайды, сондай-ақ кооперативтiң басқа да мүлкiн үнемi бұзған немесе бүлдiрген;
2) егер жатақхана ережелерiн үнемi бұзуы басқалардың онымен бiр пәтерде (тұрғын үйде) тұруына немесе үйдiң адам тұрмайтын бөлмесiн пайдалануына мүмкiндiк бермеген, ал ескерту және қоғамдық ықпал ету шаралары нәтижесiз болған жағдайларда;
3) кооператив Жарғысында көзделген басқа да жағдайларда кооперативтен сот тәртiбiмен шығарылуы мүмкiн.