-A A +A

Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне мүшелік қай жағдайларда тоқтатылады?

Жауап: 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңының 59-бабына сәйкес тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативiне мүшелiк:
1) кооперативтен ерiктi түрде шыққан;
2) табиғи зiлзала, өрт, авариялық күйге ұшырау немесе басқа да төтенше жағдайлар салдарынан үй-жай (пәтер) одан әрi пайдалануға жарамсыз болған;
3) кооператив мүшесi қайтыс болған;
4) кооперативтен шығарылған жағдайларда тоқтатылады.