-A A +A

Тәрбиеленушілердің өздерін іс жүзінде тәрбиелеген адамдарды күтіп-бағудағы міндеті қандай?

Жауап: 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 154-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларды іс жүзінде тәрбиелеген және күтіп-баққан еңбекке жарамсыз мұқтаж адамдардың, егер олар өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе немерелерінен не жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) күтіп-бағу қаражатын ала алмаса, өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды тәрбиеленушілерінен сот тәртібімен күтіп-бағу қаражатын беруді талап етуге құқығы бар. Егер іс жүзінде тәрбиелеген адамдар тәрбиеленушілерді бес жылдан аз уақыт күтіп-бақса және тәрбиелесе, сондай-ақ өздерінің тәрбиеленушілерін тиісті түрде күтіп-бақпаса және тәрбиелемесе, сот тәрбиеленушілерді осы адамдарды күтіп-бағу жөніндегі міндеттен босатуға құқылы. Осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттер қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы не патронаттағы адамдарға жүктелмейді.