-A A +A

Тексеру комиссиясы төрағасының өкілеттігі қандай?

Жауап: 

«ҚазақстанРеспубликасындағыжергіліктімемлекеттікбасқаружәнеөзін-өзібасқарутуралы» ҚазақстанРеспубликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 25-2-б. 1-т. сәйкестексеру комиссиясының төрағасы:
1) жалпы басшылықты жүзеге асырады және тексеру комиссиясына жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады;
2) тексеру комиссиясының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекiтедi;
3) тексеру комиссиясы мүшелерiнiң және тексеру комиссиясы аппаратының жұмысын ұйымдастырады;
4) бекітілген штат саны және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде тексеру комиссиясы аппаратының құрылымы мен штат кестесін бекiтедi;
5) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының қарауына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының мүшелері қызметіне кандидатураларды, сондай-ақ оларды қызметінен босату туралы ұсыныс енгізеді.
Тексеру комиссиясы төрағасының шешімі бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қоспағанда, аудан (облыстың маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа ұсыну тексеру комиссиясы мүшелерінің біреуіне жүктелуі мүмкін.