-A A +A

Судьяның өкiлеттiгi қандай жағдайларда тоқтатыла тұрады?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңының 33-б. 1-т. сәйкес судьяның өкiлеттiгi, егер:
1) судья Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихатының депутаттығына кандидат болып тiркелсе;
2) судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса;
3) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берiлсе;
3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген негiздер бойынша судьяның өкiлеттiктерiн тоқтату қажеттiгi туралы Сот жюриінің шешiмi болса;
4) басқа жұмысқа ауысса, тоқтатыла тұрады.