-A A +A

Судья қандай жағдайларда тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңының 39-б. сәйкес судья:
1) сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты бұзғаны үшiн;
2) судья әдебiне қайшы келетiн терiс қылық жасағаны үшiн;
3) еңбек тәртiбiн өрескел бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкін.
Сот төрағалары және соттардың сот алқаларының төрағалары осы Конституциялық заңда көзделген лауазымдық мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшін тәртiптiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
Сот актiсiнiң күшiн жою немесе өзгерту, егер бұл орайда заңды өрескел бұзуға жол берiлмеген және ол туралы жоғары тұрған сот орнының сот актiсiнде көрсетiлмеген болса, өздiгiнен судьялардың жауаптылығына әкеп соқпайды.