Толық нұсқауға көшу
Ресми интернет-ресурс
-A A +A

Соттылықтың болуы/болмауы туралы анықтаманы қалай алуға болады?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 мамырдағы № 505 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармалары көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
2) «электрондықүкімет» веб-порталыwww.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) ХҚО-ға
еркін нысандағы өтініш;
жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);
он алты жасқа толмаған адамдар үшін баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады);
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – нотариус растаған сенімхат;
2) порталға:
көрсетілген қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық сұрау салу.