-A A +A

Соттылықты жою мерзімдері қандай?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V Қылмыстық кодексінің 89-б.сәйкес он сегiз жасқа толғанға дейiн қылмыс жасаған адамдар үшiн осы Кодекстің 79-бабында көзделген сотталғандықты жою мерзiмдерi қысқартылады және олар тиiсiнше:
1) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңiл түрлерiн өтегеннен кейiн - төрт айға;
2) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн - бiр жылға;
3) ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн - екі жылға;
4) аса ауыр қылмыс үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн үш жылға тең болады.