-A A +A

Сотқа жүгінбестен алимент төлеу туралы келісім жасасу мүмкін бе?

Жауап: 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 158,159-бабына сәйкес алимент төлеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және ол нотариатта куәландырылуға тиіс. Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанын сақтамау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларында көзделген салдарларға әкеп соғады. Алимент төлеу туралы келісімді жасауға, орындауға, өзгертуге, бұзуға және жарамсыз деп тануға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасауды, орындауды, өзгертуді, бұзуды және жарамсыз деп тануды реттейтін нормалары қолданылады. Алимент төлеу туралы келісімді орындаудан біржақты бас тартуға немесе оның шарттарын біржақты өзгертуге тыйым салынады. Тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайлары елеулі түрде өзгеріске ұшыраған жағдайда және алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу жөніндегі келісімге қол жетпеген кезде, мүдделі тарап осы келісімді өзгерту туралы немесе бұзу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы. Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу туралы мәселені шешу кезінде сот тараптардың назар аударарлық кез келген мүддесін ескеруге құқылы.