-A A +A

Сот сараптамасын жүргізудің негіздері болып не табылады?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Заңының 23-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның), прокурордың, нотариустың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шығарылған сот сараптамасын тағайындау туралы қаулысы, ұйғарымы сот сараптамасын жүргізуге негіз болып табылады.