-A A +A

Сот орындаушының тоқтатылған атқарушылық істі қайта жандандыруға құқығы бар ма?

Жауап: 

«Атқарушылық iсжүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-бабына сәйкес атқарушылық істі тоқтату негіздерінің түпкілікті тізбесі көрсетілген. Бұл ретте Заңның 47-бабының 2-тармағына сәйкес, атқарушылық құжаттың орындауға ұсынылу мерзімін сот қалпына келтірген не сот орындаушысының іс жүргізу тоқтатылған атқарушылық құжатты орындау жөніндегі іс-әрекеті заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылған атқарушылық іс жүргізуді қайта бастауға болмайды.