-A A +A

Сот орындаушының қызметін бақылау кіммен жүзеге асырылады?

Жауап: 

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңының 133-б. сәйкес Мемлекеттік сот орындаушысының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Сонымен қоса осы заңның 169-б.1-т. сәйкес жеке сот орындаушысы жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және оның іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын баќылауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары, Республикалық палата және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жүзеге асырады. Бақылауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.