-A A +A

Әскери міндеттілердің запаста тұруының шектi жасы қандай?

Жауап: 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңының 42-б.сәйкес әскери міндеттілердің запаста тұруының шектi жасы мынадай болады:
1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамы – елу жасты қоса алғанда;
2) офицерлер құрамы үшін – алпыс жасты қоса алғанда.
Әскери мiндетті әйелдердің запаста тұруының шектi жасы мынадай болады:
1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамы үшiн – отыз бес жасты қоса алғанда;
2) офицерлер құрамының адамдары үшiн – қырық бес жасты қоса алғанда.
Запаста тұрудың шектi жасына толған әскери мiндеттілер немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар әскери есептен шығарыла отырып, отставкаға ауыстырылады.
Соғыс уақытында Қазақстан Республикасының Президентi запаста тұрудың шекті жасын бес жылға дейін ұзартуы мүмкін.