-A A +A

Әскери қызмет мерзімдері?

Жауап: 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңының 24-б. 1-т. сәйкес әскери қызмет мерзiмдерi күнтiзбелік есеппен:
1) мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi үшiн – он екi ай;
2) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер үшін – жиырма төрт ай;
3) келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер үшiн – әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшартта көрсетілген мерзiмге белгіленеді.