-A A +A

Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасу талаптары, беру талаптары және рұқсат беру ұзақтығы.

Жауап: 

«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысының 2-б. 47-т.-55-т. сәйкес Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасуына арналған адамдардың тізбесіне кіретін шетелдік қызметкерлерге уәкілетті орган еңбек жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты үш жылға дейінгі мерзімге береді немесе ұзартады.
Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға берілетін рұқсат бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылады.
Шетелдік қызметкер не ол уәкілеттік берген адам жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алу немесе ұзарту үшін еңбек қызметін жүзеге асыратын жеріндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес өтініш береді.
Уәкілетті орган шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты берген немесе ұзартқан кезде ерекше шарттар көзделмейді.
Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты беру немесе ұзарту не беруден немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Уәкілетті орган шетелдік қызметкерге қабылданған шешім туралы ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
Шетелдік қызметкер хабарлама алғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті органға рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін оның Қазақстан Республикасынан кетуіне кепілдік беретін құжаттарды (банк пен қызметкердің арасындағы шарттың, қызметкердің банк шотына кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесін) ұсынады.
Уәкілетті орган осы Қағидалардың 53-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты береді.
Шетелдік қызметкер үш жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алуға келмеген жағдайда, уәкілетті орган жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты пошталық жөнелтілімді алу туралы хабарламаны ала отырып, шетелдік қызметкердің тіркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жібереді.
Шетелдік қызметкер жұмысқа орналасуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде жұмыс берушісін өзгерткен жағдайда, ол жаңа еңбек шартын жасау күнінен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлауға тиіс.