-A A +A

Саяси партиялардың жарғысы қалай регламентеледі?

Жауап: 

«Саяси партиялар туралы»Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдегі №344 Заңның 9-бабына сәйкес, саяси партияның жарғысында мыналар болуға тиiс:
1) саяси партияның атауы, мақсаттары мен мiндеттерi, сондай-ақ рәмiзiнiң сипаттамасы;
2) саяси партияның орталық аппаратының орналасқан жерi;
3) саяси партияға мүше болудың және мүшелiктен шығып қалудың шарттары мен тәртiбi, оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
4) саяси партия мүшелерiн есепке алу тәртiбi;
5) саяси партияны және оның құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) құру, қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбi;
6) саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшы және бақылау-тексеру органдарын сайлау тәртiбi, аталған органдардың өкiлеттiк мерзiмi мен құзыретi;
7) саяси партияның жарғысына және оның бағдарламасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;
8) депутаттыққа және мемлекеттiк билiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге саяси партиядан кандидаттар (кандидаттар тiзiмiн) ұсыну тәртiбi;
9) бiрыңғай жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша саяси партия ұсынған Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды керi шақырып алу немесе ротациялау негiздерi;
10) саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) ақшаны және өзге де мүлiктi басқару саласындағы құқықтары, саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қаржылық жауапкершiлiгi және саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) есептiлiк тәртiбi.