-A A +A

Сатып алу-сату шарты бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеген кезде мемлекеттік тілде шартты ұсыну қажет пе?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151 Заңының 15-б. сәйкес Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмiлелерi қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасы қоса берiлiп, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады.
Шетелдiк жеке және заңды тұлғалармен жазбаша нысанда жасалатын мәмiлелер мемлекеттiк тiлде және тараптар үшiн қолайлы тiлде жазылады.
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары мәмілелердi мемлекеттiк тілде және (немесе) орыс және (немесе) ағылшын тiлдерiнде жасасуға құқылы.