-A A +A

Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілеттік қай органға берілген?

Жауап: 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 48-б. сәйкес Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 51-2-бабында өзгеше белгiленбесе, республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жергілікті бюджеттерге толық көлемінде келіп түсетін салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеушіні тіркелу есебіне алу орны бойынша салық органы қабылдайды.
Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеушінің орналасқан жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған салық органы осы Кодекстің 51-1-бабында белгіленген тәртіппен қабылдайды.
Егер салық төлеуші орналасқан жері бойынша жоғары тұрған салық органында тіркелген болса, онда салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді тікелей көрсетілген салық органы қабылдайды.