-A A +A

Салық органдары жеке тұлғаны жекеше нотариус ретiнде тiркеу есебiне қоюды қандай мерзім ішінде жүргізеді?

Жауап: 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 565-б. 4-т. сәйкес салық органдары салықтық өтінішті алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргізеді не мұндай тіркеуге қоюдан бас тартады.