-A A +A

Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қай жағдайларда қолданылмайды?

Жауап: 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 614-б. 2-тармағына сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары:
1) салық төлеушіде (салық агентінде) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аз мөлшерде салық берешегі болған кезде - осындай берешек пайда болған күннен бастап;
2) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау – банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап;
3) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолдану – өсімпұлды есепке жазуды қоспағанда, борышкердің өтініші түскен күннен бастап, — оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне сомасы енгiзiлмеген салық міндеттемесі бойынша осындай салық төлеушілерге қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда, осындай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады;
4) банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату – соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап қолданылмайды.