-A A +A

Резидент емес жеке тұлғаның қандай табыстары салық салуға жатпайды?

Жауап: 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 200-1-б. сәйкес Резидент емес жеке тұлғаның мынадай табыстары салық салуға жатпайды:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде олардың банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша резидент емес жеке тұлғаларға төленетін сыйақылар;
2) сыртқы сауда қызметі жөніндегі келісімшартқа байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді қоспағанда, осы сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізумен байланысты төлемдер;
3) резидент сатып алушылар төлеген сатып алу кезіндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша жинақталған (есептелген) сыйақылар сомалары;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бір мезгілде мынадай:
дивидендтерді есептеу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнының 50 пайыздан азын дивидендтер төлеу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер.
Осы тармақшаның ережелері:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төлеуге жататын табыс;
заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың салым мөлшерін барабар азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін құрылтайшының, қатысушының алып қойған кезінде, мүлікті бөлуден түсетін табыс түрінде резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады.
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
5) ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша оларды осы қордың басқарушы компаниясы сатып алған кездегі табыстар;
6) осындай дивидендтер мен сыйақылар есебіне жатқызу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
7) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғалардың табыстарын қоспағанда, бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент-заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткізу күні жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде, егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар.
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
9) өткізу күні осы қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;
10) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
11) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;
12) Қазақстан Республикасында табысы аз азаматтарды қолдауға (оларға көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жүргізілетін төлемдер;
13) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасынан тысқары жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде іс жүзінде жүргізген:
осындай дербес білім беру ұйымының қызметкері;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін резидент емес заңды тұлғаның қызметкері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызмет көрсететін қызметкер болып табылатын резидент емес жеке тұлға алған материалдық пайда.
14) борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы.